Мен де сені кешірдім...

Балалық шақ қой көп нəрсенің байыбына бармаған...
Менің нəзік жүрегімде күліп тұрғандай бар ғалам..
Естеліктер көп...кейбірі есте қалмаған
Балабақшада балалық шақтың қызығына қанбаған...
Мен қыз едім еркетотай əр нəрсені талғаған...
Бір қыз болатын сонда менімен балабақшаға баратын...
Ол мені көрсе қаны қайнайтын, тіпті жағадан алатын...
Мен дағы қарап қалмайтынмын, жұлатынмын шашынан
Тіпті есімде ұратынмын басынан...
Көрсем болды төбелесе кетемін....
Түсінбеймін не жетпейді екенін?!
Əлі күнге есімде жоқ себебі..
Ал қазір мен оны білгім келеді...
Кім екен ол? Неге біздер қас болдық?...
Не болды екен менен оған керегі?...
Əлде біздер балалықпен істедік пе шалалық?!..
Қазір сенен кешірім де сұрар ем....
Бірақ менің есімде тек бала күнгі келбетің...
Кешір мені кішкентай қыз кім болды екен есімің?....
Мен де сені кешірдім...

Басқа да өлеңдері

Алғыс айтам тағдырыма жолықтырған өзіңмен!

  • 1
  • 0

Менің жаным сыр шертетін тек қана ақ параққа
Сен келдің де өмірімді алыстаттың мұңдардан
Үйреттің сен кешіруді, сүрінбеуді сынаққа
Жүрегіме ала келдің өзіңменен ізгі арман...

Толық

Арманым асқақ!

  • 2
  • 1

Арманым асқақ, қол бұлғайды асқардан,
Қиялым самғап, жол іздейді аспаннан,
Жүрегім тулап, қорқады білем, бірақ та,
Жасқанбаймын! арманға жетем аңсаған!

Толық

Кешір мен....

  • 0
  • 0

Кешір мені...
Келмес күндер үшін де кешімдегі,
Мен артыма қарамай кетіп барам
Сол үшін де жарығым кешір мені

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)