Ақберені қазақтың

Ер Махамбет,
Өр Махамбет кешегі,
Ер жастанып,тоқым болған төсегі.
Махамбеттей батыры бар қазақтың,
Маңдай бағы бес елі.
Асыл тегің,
Құлагерім,
Марқасқам.
Тел ұстаған домбыра мен алдаспан.
Батырлығы хан Абылай қаһарман,
Ақындығы ер Ақтаннан жалғасқан.
Ержүрек ең,
Желбіреген,
Байрағым.
Жалын жырың,
Өр намысқа айғақ үн.
Шалқар күймен дүбірлетіп даланы,
Ел жолында бәйгеге бас байладың.
Асыл ерім,
Хас ұл едің,
Жасын едің жайнаған.
Алыстан жауын байқаса
Қылышын қыннан сайлаған.
Жолбарыстай жорытып,
Қырандай биік самғаған.
Наркескенім,
Мәңгі естесің,
Арланым,
Еділ-Жайық ел қондыру,
Асқақ еді-ау арманың.
Халқың үшін хас жауыңды өлтірген,
Жас жаныңды қиып кетті қанжарың.
Алдаспанымсың,
Зор дастанымсың,
Қызғышым,
Өр намысыңа жете алмас ешкім,
Құзды шың.
Тарих жазды алтын әріппен атыңды,
Мәңгілік өшпес,
Ұмытылмайтын үлгісің.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

guka1988

Беу, шіркін! Батырлықты жырлау үшін де, батырлық керек! Жарайсыз!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)