Ұстаздарға арнаймын

Ұстазым...
Осы сөзде қанша жылу жатыр,
Мен үшін өте асыл, ыстық жансың.
Анамдайсың, әкемдейсің мен үшін,
Біліміңді аямадын шәкіртіңнен.

Мың алғыс айтамыз біз ұстаздарға,
Тәрбиелеп, білім берген асыл жанға.
Тек қана ойлайтыны бала – қамы,
Өйткені, ол ұстаздың ақ арманы.

Нұрын шашқан көк аспан күмбезінен,
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар едім,
Дүниенің бар байлығын бір сіздерге.

Алғаш рет қолыма қалам ұстатқаның,
Алғаш рет әліппені үйреткенің.
Сол берген біліміңнің арқасында,
Оқуда озат болып келемін мен.

Ұстаздар еш жалықпас шәкіртінен,
Білімін сусындырып, үйретуден.
Ұстазым – көктегі жарық жұлдыздайсың,
Сол жұлдыз ешқашан да сөнбесе екен.

Өзіңді құрметтеймін, үлгі тұтам,
Айтқаныңды жадыма сақтап қоям.
Алламнан бар тілерім – амандығын,
Ұстазым, жүре берші, аман болшы!

Аушахметова Алина 7 "А" сынып оқушысы
Ақмола облысы, Зеренді ауданы , Заречное негізгі мектебі

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)