Мейірімсіз жандарға хат!

(Қарттар үйіне, ата-аналарын тастап кеткен, мейірімсіз балалардың қатесін түзетуі үшін- адал ниетіммен арналған өлең.)
Жылатып міне, бір адам ата-анасын,
Жойып отыр ғой, өзіндік тұлға бағасын.
Қарттар үйіне өз туған ата-анаңды,
Қалайша қиып тастап сен кетіп барасын?

Әлпештеп сені, аялап анаң өсірді,
Қандай қателік жіберсең де, сені кешірді.
Құлыным менің тоқ жүрсін, аман болсын деп,
Саған арнап анаң, талай тәттісің пісірді.

Сәби кезінде жылайтын едің, көз ілмей,
Сол шақта анаң, қарады саған көз ілмей.
Ұйқысын бөліп қараған асыл анаңды,
Қадіріне жетпей, тастап кеттің сен көзге ілмей.

Ал әкең ше, әкең, тәрбие берді, үйретті,
Қатеңді түзеп,жақсылыққа сені сүйрепті.
Қарттар үйіне, тастап кетіп ен қарамай,
Сол қателігің, жандарын қатты күйретті.

Мейірімсіз болдың, не үшін айтшы адамдар?!
Артына қара, өнеге алар балаң бар!
Сен істеген істі, істемейтініне кім кепіл?!
Қатеңді түзе, күйігін тартпай адамдар!

Жұмақтың кілті, табаныңда деген ананың,
Жаратқанға сенсең түйерсің өзің, бағамын.
Үш рет мейлі, апарсаңда, арқалап Меккеге,
Ақ сүтін мүлдем, өтей алмассың ананның.

Қадіріне жетіп, құрметтейікші қарттарды!
Сол үшін міне, жас ақындарын хат жазды.
Жүректеріне қаяу салмайық, қарайық!
Биік ұстайық «Ата-ана» деген аттарды!
22.01.2017жыл


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)