Ей жүрегім!


Енді сенің қақың жоқ берілуге,
Селкеу салма ей жүрек сеніміме.
Жалқаулықты таста да есіңді жи,
Енді саған болмайды жеңілуге.

Қайтпас қайсар, рухың биік болсын
Білемін мен, сен ұйықтаған кейіптесің,
Өтінем, ұйқынан тұр болды енді,
Қарасаңшы, көш соңында қалып кеттің!

Білемін ойын қудың, алдаңдың да,
Енді болды, қарасай жан-жағына.
Сен жүргенде әрдеңеге алданып,
Біреу сені түсірді қармағыңа.

Болды тоқтат, жалынам тоқта енді,
Көзіңді аш, оянар кезің келді.
Неге бұлай істедің ей жүрегім,
Қанша адам мына саған сеніп еді.

Енді ұмыт, ойлама берілуді,
Биік ұста саған деген сенімімді.
Осымен тоқтатарсың деп сенемін,
Сол үшін де, қуаныш көңілімде.
19.06.2017 жылы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Айнаш

Әдемі жазыпсыз! Шығармашылық табыс тілеймін.

Xanshaiim

Рахмет Айнаш!!!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)