Өлең, жыр, ақындар

Азамат деген ардақты ат

Азамат деген ардақты ат

Қалмаса жолда үміті елдің ақталмай,
Алқалар халқың шыдасаң өзің мақтанбай.
Ілтипат етіп ісіңе сенің сүйініп,
Ардақтап айтса азамат деген ат қандай.

Шығарар сойқан тежеусіз кетсе тіл қиын,
Таразы халық салатын тезге сын қиын.
Байлықпен мансап баянсыз қонған бақ құсы,
Бірақта нағыз азамат болу тым қиын.

Сын айтса біреу сақтама ішке кек қылып,
Жол тауып шығар жігітке керек ептілік.
Жауыңды мақтап көрсете біліп ерлігін,
Сыр сақтай алсаң олдағы үлкен тектілік.

Таятпа жақын сөз ұқпас нағыз наданды,
Арсызды алда, жыртқызба оған жағаңды.
Әділдік деген жап –жалтыр мұздың бетінде,
Табалсаң егер тайғызбай ұста табанды.

Ашуды теже желікпе босқа қызынып,
Сезімге ерме жылтырақ көрсең қызығып.
Жақсыны көрсең әдеппен сөйле сызылып,
Достықтың нәзік кетпесін жібі үзіліп.

Қалдырам десең артыңа үлкен өнеге,
Көп жүгін барып ақылды,білгір көнеге.
Халықпен бірге отырсаң жыртық кемеге,
Жетесің сонда азамат деген өреге.



Пікірлер (2)

Аружан

Маган ардакты азаматтар туралы мәлімет керек еді!өтнееееем көмектесініздерші

Гулбану

Өте тамаша жыр жолдары
қаламыңыз ұштала берсін ақын аға
Жырларыңыз жүрекке жақын

Пікір қалдырыңыз

Қан кешіп жүріп жеткен күн

  • 0
  • 0

Құлақты жарып жаңғырған,
Мұң зарын тыңдап кекті үннің.
Дастандар оқып таңғы ұрған ,
Қазақтың жайын көп білдім.

Толық

Қажеттісі ат маған

  • 0
  • 0


Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Аттан десе “A құдайлап” аттанам.
Өйтетіні қасиеттеп тұлпарын,
Бабаларым маңдайынан қақпаған.

Толық

Мансаптың буы

  • 1
  • 5


Әй бауырым,осы күнде досың көп,
Дос болады бейтаныс жан тосын кеп.
Бірге туған туысыңдай елжіреп,
Жүретұғын жөн жоралғы жосын көп.

Толық

Қарап көріңіз