Кино

Көңілім бұзылды деп ,
Кеудемдегі үмітім үзілді көп .
Өмір толы шытырман оқиғаға ,
Арасында жарнама үзінді жоқ .

Сабырға келісіп ем ,
Жүйкем менің өгіздің терісінен .
Кино болса тағдырым ,
Жазылған - ау ,
" Тар жолда тайғақ кешу " желісімен .

Өзгеріп əр түсінім ,
Төтеп берем өмірдің бар қысымын .
Тағдыр атты тас жүрек театрдың ,
Ең дарынсыз , сұрықсыз əртісімін !

Сценарий астарлаған ,
Аласа боп көрінер асқар маған .
Жыр қылып пешенеме жазылғанды ,
Голливудтан бір күні Оскар алам !

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (4)

Сымбат

әдемі жазады екенсіз

abdizhamiloff

Рахмет , Сымбат !

газиза

керемет

kaldikiz

Керемет

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)