Өлең, жыр, ақындар

Тағы бір жұма...

Елемей кеткен елең сезімге,
Тәкаппар көңіл төмендесін бе?!
Сауықтың суық көлеңкесінде,
Сыраға мәз боп жүрген кезімде
Қолын сілтеді тағы бір жұма...

Жақыным жаққан жарықты тұмшалап,
Сыйлаған пендені табалап,құл санап
Көбелек атауы түгелдей тойлайтын
Тосып жүргенде сенбіні күн санап,
Қолын сілтеді тағы бір жұма...

Келсем де құлап, жылап та талай
Ауызда - ару , құлақта құдай,
Достардың көкек көңілін қимай,
Жүргенде сыйлап жаратқанымдай,
Қолын сілтеді тағы бір жұма...

Тәлкек тағдырға ұлып, тым қынжыла,
Сыйыну дегенді ұмыттым біржола.
Түтінге тұншығып отырған кезімде,
Қолын сілтеді тағы бір жұма...

Көңілге уағыз енді тұшына,
Өлімге сана сенді қысыла
Алланың берген мүмкіндігінен,
Сауап теремін енді құлшына,

Бұйырып жатса ендігі жұма...

РИНАТ ӘБДІҚАЛЫҚ



Пікірлер (1)

Альфинур.

Өте жақсы маған ұнады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз