Өлең, жыр, ақындар

Шын бақыт

Шын махаббат өшпейді десті, айналадағы тіршілік,
Неге екені де белгісіз, бірақ , жүреміз ылғи күрсініп.
Мына фəниде махаббат қана жетелер дейміз бақытқа,
Дейміз де сосын, сезімнен сырлы қаламыз бірдей тұншығып.

Бақыт іздейміз, əлбетте, солай. Бақыт сезімнен тұрады,
Сүйгенің сүйсе, əр кез осылай, алдыңда бақыт бұлағы.
Қиналу - мұң ба?
Сезімің серік таппаған сəттен басталар,
Күлкісіз күндер,
Ұйқызыз түндер...
Бастауы ғана бұл əлі.

Қоштасу деген, дайындық екен ең соңғы мəрте "қош" деуге,
Біріншісінен артық сүйгеннің, шамасы келмес "дос" деуге.
Сезінерің сол тым бақытсыздық, мұңаю, есту жұбату,
Тағы да ащы өксік пен қайғы, тағы да жүдеу бос кеуде.

Шын ғашық болсаң, жадырап, жайнап, ұйқыңды түнге ұрлатып,
Елесін іздеп тұрасың ылғи, аспан мен күнге жырлатып.
Жүректер бірге соққаннан гөрі, немесе "Қош боп" кеткеннен,
Жүрекке əмір жүргізе алмаған, шын бақыт па, айтшы?
Шын бақыт!

РИНАТ ƏБДІҚАЛЫҚ



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз