Өлең, жыр, ақындар

Ардақты ата-анам

Әке-шешем аялаған, саялаған
Біздерден ешнәрсесін аямаған.
Айналайын, құлыным деп еркелеткен,
Бар білгенін жан-тәнімен үйреткен.

Асыл анам алтыннан да қымбат қой,
Көздері жарқыраған жұлдыздай ғой.
Бәрімізді бөліп-жармай өсірген,
Ардақты анамызды жақсы көрем.

Асқар тауым әкетайым қорғаным,
Керек маған әрқашанда қолдауың.
Сен – бәйтерек, мен – жайқалған жапырақ
Әрқашанда мақтанышың боламын.

Арынова Аружан , Ақмола облысы,
Зеренді ауданы, Заречное негізгі мектебі,
7"А" сынып оқушысы.
Жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі Жунусова Айнур Рахмановна



Пікірлер (3)

Балжан

Сызге осындаи олен жазганнызгы рахмет

Дастанқызы Бақсила

Өте керемет тақпақ және тез жаттай аласың рахмет

ЖАНЕРКЕ ЕРЖАНҚЫЗЫ

КҮШТІ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар