Өлең-жыр байқауы

Тезірек кел

Алдайды , айламенен жанды үміт ,
Қалдырдың мұңдарымды жамылдырып .
Кеттің - ау ... Кеткеніңмен сен бірақта ,
Жүрсің - ау сағындырып !

Жүргенде елесіңнен мың тыйылып ,
Жаныма Құдайымның сыйы - үміт .
Өңімде қабақ шытып ,
Түстерімде ...
Тұрасың жиі күліп !

Білсем де үмітімнің жолы құрғақ ,
Білсем де үміт деген - толы жұмбақ .
Үмітпенен мен сені сағынамын ,
Кетпеші қолды бұлғап !

Байқаймын , ту сыртымнан ұрлап күліп ,
Жүресің ...
Сенде де бар жұмбақ үміт .
Алыстан сағындырмай ,
Келмейсің бе ...
Көңілді нұрландырып !

Қарасам Күнде - реніш , айда - мұң бар ,
О , Муза !
Менің саған айтарым бар .
Баяғы да ұрланған жастығыммен ,
Сезімді қайтарыңдар !

Сенсіз көрші сезімнің көзі - көп көл ,
Бақыт дейтін келгенде кезі өткел .
Келсеңші сағынышым ,
Келер болсаң ...
Сағынтпай тезірек кел !

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)