Өлең, жыр, ақындар

Интернатта оқып жүр

  • 15.04.2015
  • 2
  • 19
  • 109689
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Қалайынша қайда енуге?



Пікірлер (19)

каракат

керемет екен♥

Аделия

Керемет екен сөз жоқ

Айдана

керемет екен ғой

Ереке

Өте əдемі

Аяулым

тамаша ,өте пайдалы

Севинч

Қандай мағыналы сөздер,керемет

айгерім

сәлеметсіз бе жақсы жазылыпты тез жаттайсын жақсы керемет тамаша

арай шариббек

пах ширкин неткен тамаша

Myrza

керемет

Аяна

Керемет

Аяна

Керемет

Дархан

Абай Құнанбайұлының Интернатта оқып жүр өлеңі маған қатты ұнады

ZERE

Өте керемет әсерлі өлең екен

Аман

неге ұзақ

Әсет

Өте керемет

Айша

Узак ко

Құпия

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?

  • 0
  • 0

Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң.
Алмасы өкпе болар қол батпаған.

Толық

Ленский сөзінен

  • 2
  • 0

Барасың қайда, қайда болмай маған,
Жас өмір алтын-күміс жарқылдаған.
Келер күн келеді екен не дайындап,
Қараңғы, қарағанмен болжай алман?

Толық

Жарлы бай

  • 0
  • 0

Жаман үйде жалғыз шал,
Өзі — кедей, күңіренді.
Өзі көрген байлардың
Мінезінен жиренді.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер