Өлең, жыр, ақындар

Қажеттісі ат маған



Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Аттан десе “A құдайлап” аттанам.
Өйтетіні қасиеттеп тұлпарын,
Бабаларым маңдайынан қақпаған.

Мен қазақпын қажеттісі ат маған,
Мақтансам да ат үстінде мақтанам.
Айлық жолды алты күнде таптаған,
Тұлпарлар бар ер үмітін ақтаған.

Ат жақсысын Абай да өткен қиялдап,
Ардақтыға ат мінгізген си арнап.
Ер Қабанбай қубас атпен серттесіп,
Жетпіс үште жауға шапқан ұрандап.

Атты сүйем керек емес басқасы,
Өтінерім атты алтынға сатпашы.
Қайда бүгін көк бестімен құла кер,
Тумай жүрме Марғабылдың қасқасы.

Бомаған соң ат сынайтын текті де,
Жүрген шығар қойшы мініп текпі де.
Не бомаса құлынында сатылып,
Қазы болып аударылып кетті ме.

Қасиеттеп бабалардың пырағын,
Ат дегенде елеңдейді құлағым.
Темір тұлпар қанша жайлы болғанмен,
Атсыз күнде жетімсіреп тұрамын.
Алты алаштың арыуағын силасаң,
Ұмытпаңдар аттан деген ұранын.!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анама

  • 1
  • 0

Анам саған жыр жазармын әлі көп,
Тұрса егер қаламымның әлі кеп.
Сен туралы ой толғасам тұрады,
Таңдайыма ақ сүтіңнің дəмі кеп.

Толық

Мансаптың буы

  • 1
  • 5


Әй бауырым,осы күнде досың көп,
Дос болады бейтаныс жан тосын кеп.
Бірге туған туысыңдай елжіреп,
Жүретұғын жөн жоралғы жосын көп.

Толық

Қан кешіп жүріп жеткен күн

  • 0
  • 0

Құлақты жарып жаңғырған,
Мұң зарын тыңдап кекті үннің.
Дастандар оқып таңғы ұрған ,
Қазақтың жайын көп білдім.

Толық

Қарап көріңіз