Өлең, жыр, ақындар

Көк балқаш

Арнасы тіреу болған жар тасқа,
Қорқынышпен көз тастайсың Балқашқа.
Көріскенде жүгіріп келер толқыны,
Амалың құрып, ала алмайсың жамбасқа.

Шексіздік анау, бұрын көзім шалмас-ты,
Тудым ба қайта, күнім ба мынау алғашқы?
Көл болғасын аспанмен құшақтасқан,
Теңіз бе деп ойлай бердім Балқашты.

Көз алдымда көк Балқашпен жалғасқан,
Қиыры қайсы, қайда еді əлгі аспан..?
Ортасында қалықтаған мамық бұлт
"Міне көк" - деп биігірек жармасқан.

Шағалалар көлдің бетін шарпыған,
Өмірдің мынау келіп шығып шартынан.
Балқашты ғашығындай айналсоқтап,
Бір көрініс қалдырады шарқ ұрған.

Кешке қарай баяулап барып жəй ғана,
Мүлгіп тұрар тым-тырыс боп айнала.
Көк Балқаш реңінен айырылар,
Ару Ай келіп қарағанда айнаға.



Пікірлер (1)

Қымбат

Бұл өлеңді шығарған кім?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз