Өлең, жыр, ақындар

Мен сені қызғанамын

Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Тып-тыныш кеталман жөнімменен.
Мен сені қызғанамын көрінгеннен,
Қызғанумен өтермін өмірден мен.

Жылпостардан өзіңді қызғанамын,
Ойласам көңірсиді шыжғанағым.
Өмірге түсінбеймін, адамға да,
Қызғанышын кешіре гөр біз баланың.

Қызғанамын сұқтанып қарағаннан,
Беті жылтыр, ал, ойы қаралардын.
Мен сені қызғанамын жас жігіттен,
Орта жастан жəне де кəрі адамнан.

Мен сені қызғанамын арзан сөзден,
Өзіңе əзіл айтқан күлім көзден.
Аз емес мен білмейтін күлім көздер,
Мен сені қызғанамын мыңнан, жүзден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер