Эссе және өлең-жыр байқауы

Тағы да күз

Тағы да күз жапырағын тастайды,
Тағы да мұң, жүректіге бас қайғы.
Күн де ерте ұясына кірмекші,
Түн тағы да жұлдыздарын жастайды.

Тағы да күз, күрең дала аймақ та,
- Күз келді,-деп, жеміс тұрар айғаққа.
Күз келді деп ағаштар шешініп
қатаң қысқа дайындалып алмақ па?!

Күз келді деп құстар "қош бол" айтады,
Гүл де иіліп, күз ызғарын байқады.
Ақ бөрігін ерте биыл киіпті
Таулардың да бар екен-ау айтары.

Биылғы күз ерте кетіп қалмақ па?
Жерге аппақ орамалын салмақ па?
Ақ бөрігін ерте биыл кигенмен,
Ақ марлісін аяғына таңбапты ә -

Еңбекшілер айтпайды-ау терге өкпе,
Молынан күз сый-сыяпат бермек пе?
Неге кепті бұл күрең күз далама
Байытуға ел жұртымды келмеп пе?!

Авторы: Гульнур Акижанова

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

guka1988

өлеңдерім ұнап жатса лайкта,

Пікір қалдыр, бұйырмағын айыпқа.

Ұнаған ақыныңа басыңыз

Ақындарың жүлдеге лайық па?!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...