Өлең, жыр, ақындар

Қайралу

Сығалай берме,
жақсылығыма көз тігіп
Кеткенсің ауып,
қарайламастан ескі үміт!
Енді ғана,
тани бастадым пендені
Енді ғана,
тани бастадым ес кіріп...

Ашылды міне
өмірдің өзге парағы
Басталып кеткен
қулық сұмдықтың сабағы
Мейірімі жоқ
пәндерден берер ұстаздар
Қатыгез екен
шәкірттің жаны жаралы

Жаралы жаны,
қашанғы жүрер қанжылап
Ойға берілсе
сананы тіліп сан сұрақ
Әккіс боласың,
таланған сайын айлакер
Арлан болармын,
өзімді өзім қамшылап

Өмірім сені
қорғау үшін де озатпын
Менің де күнім,
туады әлі ғажап тым
Өзім үшін де,
Өмірім үшін күресем
Неге десеңіз-
Қайсарлы қызы ем Қазақтың



Пікірлер (1)

Алпамысова Жулдызай

оте керемет магыналы создермен екен ен керемет мысалдардын бири мен ушин

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз