Өлең, жыр, ақындар

Біртүрлі өлең

Көзіме көрінбе сен, көрінбе сен
Сенсіз жүріп жатырмын өзімде есен
Түнде тыныш ұйқымда, түсім керім
Кінəм жоқ, мені ойлап көз ілмесең

Көзіңе көрінбеймін, көрінбеймін
Көңіліңді баспасын өрімдей мұң
Сен хабарласпай қойғаннан ешеңе жоқ
Мен бəрібір жеңбеймін, жеңілмеймін

Нөмірімді өшіргін, өшіре сал
Қателігім боп жатса кешіре сал
Араласпай кеткен өзің меніменен
Тойың болар кезіңді есіме сал

Тойыңа барам сенің, қала алмаймын
Сен үшін сəл-сəл ғана алаңдаймын
Өзім үшін сүрсем де тыныш өмір
Сенің байға тиюің жаман қайғым



Пікірлер (1)

Айжан

Өлең ұнады. Әзілге құрылса да ұйқас шымыр!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз