Тілім менің

Қазақ тілім мына менің тірегім,
Тілім десе соғып тұрар жүрегім.
Өз тілімді ұмыт қылсам егерде,
Айтыңдаршы несіне өмір сүремін.
Қазақ тілім мына менің ұраным!
Рабымнан тілім мәңгі жасасын деп сұрадым!
Өз тілім де мнгі сөйлеп өтемін,
Демім тарылып кеудеден шыққанша жаным!
Тіл жайлы әнгімелер кез болмай ма?
Тіл дегенің ғажайып бір сөз болмай ма?
Өз тіліңнің қадірін түсіре көрме,
Тіл дегенің атадан қалған көз болмай ма?
Әрбір қазақ сөйлесе екен өз тілінде,
Осы арман жатыр жүрек түбінде.
Қазақ болып,қазақша сөйлей алмасаң,
Не өзіңді қазақпын деп жүрсің бе?
Тілім арым,тілім бағым,тілім жаным!
Керек болса сол жанды жұлып алғын!
Тілім үшін жан беруге әзір едім,
Тіліңнің құндылығын,ұғып алғынн.

Басқа да өлеңдері

Тəуелсіздік

  • 0
  • 3

Не көрмеде, не өтпеді қазағының басынан,
Сабирадай батыр қыздар қыршын кетті жасынан
Желтоқсанның сол бір ызғар, сол бір қиын күндерін...
Ұмытпаймын, ұмытпа сен сол ерлікті жас ұлан!

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Құлазыса қиналып көңіл бір күн,
Жұбанамыз дейміз де, "өмір" мүмкін.
Жоғалтып аламыз-ау жақындарды,
Сынып кетсе бір күні сенім шіркін.

Толық

Пікірлер (1)

Жамбыл

Тіл туралы жазған соң, қатесіз жазылса: мнгі, әнгімелер, алғынн.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)