http://a-brands.kz/

Шығысым

Есіме алғанда Ертістің сұлу келбетін,
Аралап шыққандай болам жер бетін.
Есіме алғанда шығыстың шың-құздарын,
Аяғым жүрмегендей жерде тым.

Шығысымның еске алсам көлдерін,
Дей алмайсың, -шөлдедім!
Табиғатпен тұтасқан тағдырым,
Өр Алтайдай өрледің!

Нұрын шашқан шығысымда шапағат,
Қозы менен Баяндағы махаббат.
Ақыл керек болса Абайға барамын,
Бұл Семейім - Абай басқан топырақ!

Өр Алтайдың шыңдарындай Оралхан,
Қайсенов батыр болып оралған.
Бибигүлім бар қазақтың бұлбұлын
Шырқатуға жаралған.

Қаламына Қабанбаев түсемін,
Есдәулетов өлеңі боп пісемін.
Махаббат қызық мол жылдарға апарам,
Нұршайықов көретұғын түс едім.

Шәкәрім боп жырлап иманды,
Сәбирә боп жанымды қиғам-ды.
Тыңда қазақ шығысыңда шыққан үн,
Бір өзіңе сыйланды.

Мына жатқан Зайсан көлдей кең болам,
Сауыр, Сайқан, Маңырақтай тең болам.
Шығысыңда бір гүл нұрын шашып тұр,
Сол бір гүлің- мен болам!

Қоңыр күзге Қалихан боп барамын,
Әуезовын туған мекен - жарадың!
Шығысыммен мақтанамын қашан да,
Осы жерден өз-өзімді табамын.

Жазу жазып Бегалин боп кетемін.
Қой, өтірік, жазушылық не теңім.
Айтары бар ақын болсам егер де,
Білем ертең биігіме жетемін...

Әсеттей айтыскерің болмасам,
Мағауиндей кемеріме толмасам.
Осыларға ермей қызың кетсе егер,
Тыңдамай-ақ қой, өлең жолдасам!

Алыптарын мақтан тұтар әрқашан.
Қолда қазақ, бір қызыңды қолдасаң!








Басқа да өлеңдері

Пікірлер (5)

guka1988

Алыптарын мақтан тұтар әрқашан,

Қолда қазақ, бір қызыңды қолдасаң!

аяжан

туған жерді сіз сияқты сипаттағанға не жетсін

guka1988

Қабанбайлар атой салып елімде,

Алтын адам табылған жерімде.

Алтын құрсақ көтерген шығысым.

Күннің бізден шығатыны тегін бе?!

Эльмира

Жаным өлеңдерің керемет қаламың ұштала берсін.

Бикен

Қаламың ұштала берсін.Денің сау , өмір жасың ұзақ болсын.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)