Өнердің қырандары

Ағаларым,өнердің өрендері,
Шабыттың шамшырағы,дүлдүлдері,
"Өлең" деген киелі өнерімнің
Қолдайтын көп болсыншы тыңдарманы.

Ақылды ой,алғыр сөзді сойыл еткен,
Шындықты бетке айтып тамшылатқан.
Өлеңнен өрнек құрып шымырлатқан,
Тамсантып тыңдарманын қайталатқан.

Шабытының "пырағын" ерттеп мінген,
Шашасына ешқашан шаң жұқпаған.
Алдаспандай жарқ етсе жыр төрінде,
Жүлденің бас бәйгесін иеленген.

Біздің елде өсіп келеді жас құрақ,
Әділ менен Серікке ұқсап бой түзер.
"Өнер" атты айдынында шарқ ұрар,
Алып қалмақ,бар байлығын,еншісін.

Нөсер жырдан жыр жиһазын теремін,
Күмбірлесін,кеулемдегі өлең-жыр.
Жұлдыздай боп ең бірінші келіңіз,
"Жыр додасы" атты үлкен көмбеден!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (5)

мерей

ұйқаспайды

Айгерім

Өте керемет ұйқаспаса да, мағынасы керемет, тек алға!

Арын

ұйқасып, ұйқаспайтынын шешетін сен ақын бедің?

Ақмарал

Серік Сейтман деген ағай емес па мынау иа?

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)