Өлең, жыр, ақындар

Оттама!

Бұл өмірде ақылсызға жоқ баға
Ұқпайсың ба?Кері шегін,тоқта да
Білер болсаң,білгеніңді айт ақырын
Білмейсің бе?Оттама!

Иман болса,анау сол жақ тұсыңда
Су сұраса,уытыңды ұсынба
Әр пікірің ой-санаңның айнасы
Абыройың от тіліңнің ұшында

Қаймағын ал,көркем сөздің шайқа да
Көңіліңнің сарайын аш айқара
Ұшқыр ойдың түбінен қаз маржанын
Таба алмасаң...қайтала!

Адамды тек күйдірмейді от қана
Іздене түс...Артқа қайтпа...тоқтама
Көзбен ғана көргенге сен,тыңдама
Көре алмасаң...оттама!

(С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз