Өлең, жыр, ақындар

Түрлі түстім...

Қарадың да қаймықпай өткенге мың
Сыр бермедің сабырлым,кектенбедің
Ашуынан құстар да үрікпейтін
Таңдай ашық,көк жүзді көкпеңбегім

Мұңдарының ішіне бүкті үзігін
Сөздерімнің айтқызбай ұқты зілін
Маңдайынан сүйсең де ұялатын
Қызанақтай қызарған қып-қызылым

Тек сенімен бірге өтіп жатса күнім
Жүрегім теңін іздеп,тапса гүлін
Тек мендік боламын деп қуантшы тез
Ең сұлуы ішіндегі сап-сарының

Жаңа өмірдің парақтап ак парағын
Өткеннің естелігін сақтамадым
Ақ əлемнің сенсің ақ көгершіні
Ал мен қап-қарамын...

Əсерінен айықпай сырлы күштің
Бір ашылмай,белгісіз,түндігі істің
Соңғы нүкте қоятын келді уақыт
Мың құбыла бермеші түрлі-түстім...

(С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз