Өлең, жыр, ақындар

Ерте келдің...

Көркіне күн таласпас көркемі елдің
Жақындасам күйермін,өртенермін
Шанағына жабысып домбырамның
Білмесең де шіркін ай шерте бердің

Əуеніңе елітіп,масайрадым
Сезем іштей бұл əлі басы айланың
Өгіздей боп отырмын төгейін деп
Балғын қыздың ұйыған жас айранын

Сен де қоям демейсің бұрап құлақ
Бұраған сайын тағы əуен сұрап тұрад
Қалауыңды қалаулым бітір енді
Ақ қайнардан ақ көбік тұр атқылап

Көрмегендей домбыра сабалайсың
Бір ішегі үзілді,қарамайсың
Өлтірейін демесең тоқта енді
Күйді күйге жалғайтын шама қайсы

Сазды түнге наз айтылып алмасты күн
Лəззат күймен көмкерілген жар асты мұң
Көмейіме құйылды қыздырып кеп
Тамағыңнан төгілген алғашқы үн

Көркіне күн сүрінер көркемі елдің
Домбырамды білместен шерте бердің
Тағдырыңның пердесін ашамын деп
Ақымағым жаныма тым ерте келдің...

(С) Абзал Алтый



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз