Өлең, жыр, ақындар

Көк ала бұлт сөгіліп

  • 15.04.2015
  • 1
  • 8
  • 39630
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойы егіліп,
Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар.



Пікірлер (8)

ариса

он оленге жетпиді гой

Зейнап

мен Абай өленің жақсы көрем және мен сентябырдан бастап осы айға дейін 40-ші өленге дейін жаттадым

зейнап

Абайдың өленің жақсы көремін

Жулдыз

Абайдын кара создерын жаксы коремын

Myrza

керемет

Бекзат

керемет

Zere

Мен Абайдың өлеңдерін жақсы көрем мен оның өлеңдерін бірінші сыныптан бастап жаттап жүрмін

Пікір қалдырыңыз

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

  • 1
  • 6

Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.
Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды
Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.

Толық

Қарашада өмір тұр

  • 0
  • 2

Қарашада өмір тұр,
Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?

Толық

Қатыны мен Масақбай

  • 1
  • 5

Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын

Толық

Қарап көріңіз