Өлең, жыр, ақындар

Сөнбейді отың!

Сағындым, Әке сені шыныменде,
Өмірдің нұры аспанда гүлі жерде.
Табиғат жасы жаңбыр дауыл шері,
Әкемнің жаны көкте үні менде.

Пенденің бағы алыс соры демде,
Жақсының өзі көрде сөзі елде.
Тұлпардың тектілігі тұқымында,
Әкемнің тәні жерде қолы менде.

Күйіктің қарымдысы шала мұңда,
Арманның отты алауы талабында.
Шынардың мықтылығы тамырында,
Әкемнің соңғы үміті жанарымда.

Жараса соқа тағдыр бір егінге.
Сөнбей отың өршейді жігерімде.
Әкемнің суреті тұр қабырғада,
Ал жүрегі анамның жүрегінде.

Авторы: Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (1)

Ақбота

Мағыналы өлең жарайсың !

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз