Өлең, жыр, ақындар

Тілдесші менімен

Тілдесші менімен
Алло, алло естимісің ардағым,
Ойға батам не болар деп алла күн.
Есіңде ме, сен менен сұрап едің,
Осы, қалқам, жүрегінде бар ма мұң?!
Жоға жаным, жүрегімде жоқ мұңым
Шүкір деймін, жарқырауда шоқ гүлім.
Дегенменде, жан сырымды жасырдым,
Шоқ гүлінде жояды екен шоқтығың.
Алло, алло, жарығым, тыңдаймысың
Ұғармысың жүректің мұң қайғысың.
Айып етпе, мен бүгін сыр ақтарам,
Арылсыңшы азаптан бұл байғұсың.
Алло, алло, не боп қалды қымбаттым,
Иә,әрине, мен сен үшін жұмбақпын.
Сонау жылы қамалғанмын сыр бақта,
Содан бері тұрғынымын сол бақтың.
Алло,
Ммм...
Жарайды үндемегін
Жүрегімнің жарасын емдемегін,
Сен мейлің түсінбегін,ұғынбағын.
Өзім-ақ мұң-дертімнен емделемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз