Өлең, жыр, ақындар

Мәңгіліктің бейнесі!!!

Мәңгілік ел-қазағымның өткені мен кеткені,
Мәңгілік ел-халқымның арадағы өткелі.
Мәңгілік ел ұғымы қасиетті,кадірлі,
Елітеді-ау жанымды,нұрға бөлеп таңымды.

Теңіздей толқыған аласапыран заманда,
Опат болмас ғұмырды аңсамайтын ел барма?
Қолындағы саусақтай бес күндік мынау ғаламда,
Отанының амандығын тілемейтін ер барма?

Тәуелсіздік жолында талай боздақ қан кешкен,
Ажалымен алысып,аждаһамен тілдескен.
Аманатын соңында Жер-Анаға қалдырып,
Топырақтың қойнына жанын беріп мәңгі өшкен.

Аманатын сондағы оқысаңыз қойып үн,
Көздерден жас іркілер,көңіліңе толып мұң.
Құрсауда қалған талай-талай өмірлер,
Тәлкегінен тағдырдың сабақ алар туды күн.

Мәңгіліктің бейнесі-ата-баба жолында,
Болашақтың тұтқасы-жастарымның қолында,
Жастарыма айтарым айтулы күн туып тұр,
Ажарыта біл ендігі оңың менен солыңды.

Мәңгілік ел боламыз деп тұрмын-ау жақында,
Мәңгіліктің бейнесі жарқыраған жанымда,
Шоқтығы биік, рухы үстем қайнап тұрған қанымда!
Мәңгіліктің бейнесі кір шалмаған арымда!

Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы



Пікірлер (2)

Муратбек Гулмира

Оте тамаша жазылган олендер, биіктерден корине бер Дана.

toktarkanovad

Рахметsmiley

Пікір қалдырыңыз

Атамекен-Самарым

  • 1
  • 0

Айналдым Самарым,киелі топырағың,
Өзіңнен алыс кетсем аһ ұрамын.
Көктемім-көк тірегім өзің едің,
Мен де бір үзілмеген жапырағың.

Толық

Мен қазақпын!!!

  • 2
  • 5

Мен қазақпын,атам қазақ баласымын,
Құлашын сермеп,кеңге жайған бар асылын.
Бабалардың тұяқ етіп қалдырған,
Жақсылардың сынығы,жалғасымын.

Толық

Сәбира мен желтоқсан

  • 1
  • 3

Садақа халқым үшін жаным деген,
Жастар аз ба туған елдің қамын жеген?!
Төске өрлеп,басқа шауып басынардай,
Қормыз ба өзгелерден,кембіз неден?!

Толық

Қарап көріңіз