Өлең, жыр, ақындар

Ана

Қалай ғана білдірсем, алғысымды мен саған,
Бір ғана сөз жүрегіммен айта алам:
Шексіз, шексіз саған деген алғысым
Мақтанышпен саған оны қайтарам.
О, адамдар, құрметтеңдер, ананы!
Ешбір жан жоқ ол секілді мейірімді,
Сүйіп өтер өзі туған баланы.
Жан сырымен екен өзі əдемі.
Жан анам, қатемді кешір менің!
Сенің арқаң қор болмай есейгенім,
Егерде, балаң болмай ақымақ болсам,
Тілеуімді тілейсің несін менің?
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі,
Ол бір тас ұлы Дария теңіздегі.
Өзіңнің махаббатың, ақ тілеуің,
Екен ғой сақтап жүрген өмірдегі.
Анам менің - аялаған ақ гүлім,
Анам менің - бақытым мен шаттығым.
Анам менің - өмірдегі тірегім,
Анам менің - кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін?



Пікірлер (4)

Арайлым

Керемет маған ұнады!

Арайлым

♡ұнады

айым

супер керемет екен

Арайлым

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар