Өлең, жыр, ақындар

Қалай қиям

Қалай қиям, қалай қиям
Бауыр еті баламды
Түрлі ойлар жаулап алды санамды
Қиналады жүрегім менің от боп
Күнәләрің кірпіш болып қаланды

Бір тамшы сұйығыңнан жаралған
Кім артық бұл өмірде балаңнан
Үзіп оның өмірін бөлшектеп
Қалай өшіріп тастайсың оны санаңнан

Бұл өмірге көп менің сұрақтарым
Қалам алып қағазға сыр ақтардым
Барма екен жауап берер адамзат
Бұл өмір бес күндік сынақ жалын

Ал енді ойланыңдар қарақтарым
Дәрігер тұр сайлап қару жарақтарын
Бөлшектеп алып тастауға бала тәнін
Бұған қалай ауырмайды сенің жаның



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз