Өлең, жыр, ақындар

Шаршадым мен өтірігінен өмірдің


1.Шимай-шатпақ жолдары көп өмірдің
Сол жолдарда тозаң болып төгілдім
Жүрегіме үңілмеген жандарға
Бір бейшара адамдай боп көріндім

2.Лаулай алмай жалынымды сөндірдім
Шиеленіскен шатпағын-ай өмірдің
Түсінуге тырыспаған жандарға
Ашылмаған заңдылықтай көріндім

3.Шаршадым мен өтірігінен өмірдің
Сұм тағдырдың көміріне көмілдім
Көңіліме қаяу салған жандарға
Мен жансыз бір көлеңкедей көріндім

Мен шаршадым өтірігінен өмірдің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бассыз дене немесе Өң мен түстің арасы

  • 0
  • 3

Бір түс көрдім қазақ жайлы өткенде мен,
Адамдарды екі топқа бөлген екен.
Денесі жоқ бар екен кейбір БАСТАР,
Ал, басы жоқ денелер қаптап кеткен...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер