Өлеңдер бөлімі

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

  • admin
  • 15.04.2015
  • 1
  • 24
  • 42811
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?

Басқа да өлеңдері

Сабырсыз, арсыз, еріншек

  • 1
  • 11

Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан алауыз.

Толық

Асқа, тойға баратұғын

  • 1
  • 0

Асқа, тойға баратұғын,
Жаны асығып, жас жігіт.
Қолға кетті жауға бір күн,
Тірі адамның ісі – үміт.

Толық

Менсінбеуші ем наданды

  • 0
  • 0

Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едім заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып.

Толық

Пікірлер (24)

немат

жаксы екен

катипаш

Ермек сен окыма

Аса

Қазақ халқына тәлім-тәрбие береді деп жазып отырған 11 жастағы бала сенесіндерме

айганым

оте адеми олендер катты унаады.барлыктарынызга коп,коп рахмет

Ұлдана

Аса, не дейсің?

Нұрзат

керек болған олеңімді тауып бердиңиздер рахмет

Жайнур жексенова

Бұл өлең өте керемет
Маған керек болып жүреді

Муслим

Өте жақсы екен

Ти рекс

Өте орташа

Мейіржан

Өте керемет өзімде не істеймін деп отыр ем рахмет көп көп

Асемай

Өте керемет өлең.Бірақ жаттау қиын.

Яссави

Жаксы өлеңдер екен.Керемет?!
Қазіргі жастарға арналған шығар

Ақын

Абай Құнанбаев өте ақылды және дана шешең болғаның осы өленнен біле аламыз шынымды айтсам мен кейбір көне сөздерді түсінген жоқпын бұл өте күшті өлең

АБАЙ

Өлең менің кітабымда да бар но бірақ аудиосы кажет

мәрмәр

өте керемет маған ұнады

Нурай

Магынасы оте зор керемет. Абай атамыз кандай акылды десенши

Назира

Маған"мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"деген өлең ұнады.Мен бұл өлеңді жаттап алдым.

Алибек

өте нашар бұл өлеңдерді білеміз

КУНДЫЗ

керемет

Айка

Мə өлеңдері қандай əдемі мағынасы терең

Камила

Өте кушты

Эльмира

Оте керемет олен, маган унады

Эльмира

Өте керемет , сөздері маған унады

Балнұр

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...