Өлең, жыр, ақындар

Құрбыларға өсиет

Жер дүниені жайлаған,
Тамырлап, көкке бойлаған,
Құмар қылып өзіне,
Адамды жіпсіз байлаған.
Дəмін тақтан адамзат
Алжасып оған байланад,
Ағайын-туыс ұмытып,
Шайтанға нағыз айналад.
Есіңді жи,қазағым
Атаңнан қалған ас педі?
Ата-бабаң бұрыннан
Харамзаттан қаш деді.
Есірткіге құмартқан
Тəніңе өзің қас педің?
Қой дегенде қоймайтын,
Меңіреу болған мас педің?
Денсаулық деген берілген
Алладан саған аманат,
Қылма онда бауырым
Аманатқа қиянат.
Нашадан құмар аласың,
Тіл алмайтын шаласың
Денсаулықтан айырылып,
Құдайға не деп барасың?
Қолын ашсаң арасын
Сұйық нəрсе тұра ма?
Ақылың болса бауырым
Жалынып сенен сұраймын,
Есірткіге жолама!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар