Эссе және өлең-жыр байқауы

Сәби монологы

Жаздың бір жайдарлы күні екен
Ол кезде ата-анам жас екен
Махаббат сезіміне мастанып
Кейіннен мен дүниеге келген екем

Əкем анамды күндегіше шақырады
Анам мен жайлы əңгімесін баяндады
Мен жайлы əңгімені естігенде
Мен сендік, сен мендік болғанменен,
Жауапкершілікті алмаймын деп бас тартады

Байғұс анам жылап жылап артта қалды
Əкем жүзіне қарамастан тастай салды
Бұрынғы жасаған ісін ойлай қалса
Ашу ыза өне бойын тырнай қалды

Ойлап ойлап көз жанары жасқа толды
Барлық күні қайғырумен өтіп болды
Дұрыс шешім баладан бас тарту деп
Аурухана табалдырығын аттай салды

Бұл күні ауа райы салқын еді
Осы кезде қоңыр күз келген еді
Саябақта отыр екен бір жас ана
Құшағына сəби қысқан жаймен ғана

Сол күні емханаға барған еді
Тағы бір қателікке дайын еді
Сәбидің жазығы неден еді
Деп анам маған өмір сыйлап еді

Иə, білемін өмір деген қатал-ақ
Бірақ қадам басу керек байқап-ақ
Мүмкін тағдыр шығар білмеймін
Бірақ адамның өз өмірі өз қолында-ақ.

Қателіксіз адам болмайт өмірде,
Кешіреді Алла Тағала бəрінде
Сондада ағаттық жасама, ей азамат
Жүректен өшсе де қалып қояр көңілде

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...