Өлең, жыр, ақындар

Поэзия, сен менің жанымдасың...

Поэзия, сен менің жанымдасың,
Жанымдасың, тулаған қанымдасың.
Ішімдегі бар сырымды жырлағанда,
Өзіңменен өмірім жалындасын.

Поэзия, сен менің асылымсың,
Жарқ етіп көктен түскен жасынымсың.
Мыңнан бір-ақ пендеге бұйыратын,
Тәңір беріп, басқа қонған бақытымсың.

Поэзия, сен бар байлығым қолымдағы,
Саған ғана аша алдым сырларымды.
Өзің тербеп жүректің қыл пернесін,
Төгілдірдің балауса жырларымды.

Поэзия, жанымның күре тамырысың,
Біреулерге бағынбас асу шыңсың.
Өзің менің сырласар сырларым да,
Енді бірде іздеген ғашығымсың.



Пікірлер (1)

Жанна

Авторын айтасызба?отиниш

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз