Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырлар

  • nurka
  • 22.12.2017
  • 3
  • 3
  • 2392
Тереземді көп ұрмаңдар, жаңбырлар,
Сендерге де айтпайтын бір қайғым бар.
Тасырлатып құпиямның әлемін
Бүлдірдіңдер, тынштықты жойдыңдар.

Әй, жаңбырлар, жаңбырлар,
Басылмадың, мазамды әбден алдыңдар.
Көңіліме тамып түсіп бір тамшы
Арманыма әдемі күй салдыңдар.



Пікірлер (3)

rizamaney

Айнұржан. Өлеңіңе, суреткерлік шеберлігіңе тағы тəнті еттің. Таңғалам! Құдай-ау, мұндай талантты əркімге бере бермейсің ғой?!

makpalrakhatkyzy

Суретшілік қабілет керемет  .Алайда,мен мынаны түсінбедім тамшының ұрғанын  бірде  жақсы деп,ал бірде ұрмаңдар да ұрмаңдар  деп жатсыз ? 

nurka

Ақырғы екі тармағына назар салсаңыз, түсінерсіз...

Пікір қалдырыңыз

Сүреңсіз күзден рең қашып...

  • 0
  • 1

Сүреңсіз күзден рең қашып,
Іздейді жылы көрпесін.
Қарменен бетін қымтатып
Алады маза кеткесін.

Толық

Поэзия

  • 0
  • 1

Поэзия,
Жанымыз егіз екеуміздің,
Кім түсінген көңілді жете біздің?
Ауруын сезбейді басқалары

Толық

Жалғыз күрек топырақ иемденіп

  • 0
  • 0

Мейлі-мейлі
Артылып жүрем делік!
Асыл бұйым жиналық
Төрімізге қоялық кілем керіп.

Толық

Қарап көріңіз