Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

  • 25.12.2017
  • 0
  • 2
  • 14478
Өткен күндер ізі қалып тарихта,
Өмір өзен жылжып жатыр ақырын.
Тәуелсіздік әперем деп халыққа,
Көзін жұмды небір қайсар батырым.

Қайсар ердің еске алып рухын
Бір сәт қана орнатайық тыныштық.
Бүгін міне -Тәуелсіздік! Ұлы күн!
Елімізге алып келген ырыс-құт.

26 жыл... жас нәресте, жас жігіт.
Адам болды ел намысын қорғайтын.
Елмен бірге өсіп, дамып жас шыбық.
Саябаққа айналары бұл айқын.

Егеменді еліміз де саялы
Елге айналды терең жайған тамырын.
Ата-баба арманы еді баяғы,
Сол арманы жарық көрді дәл бүгін.

Ел естіді «Қазақ» деген жұрт барын.
Танылды ол бүкіл әлем еліне.
Аялайтын жас сәбиін, қарттарын
Отырғызып үлкен үйдің төріне.

Мақтанатын ердің ерлік ісімен
Мен қазақпын батырлықты жырлаған.
Төтеп бердім тауқыметтің күшіне
Оған куә тау мен тасым, кең далам.

Мен өлмеймін, суын ішкем өлместің.
Іші күйсін дұшпандардың мұны естіп.
«Қиыншылық» кемесіне келместің,
Кеткен болсын мәңгілікке ілесіп.

Енді қайтып қиындықты көрсетпе.
Желбіресін көк аспанда көк туым!
О, Жаратқан, шаңырақты теңселтпе.
Тату–тәтті өмір сүрсін жас буын.

Бақыт, байлық барлығы да бірлікте.
Жетістікке жеттік бүгін бірлікпен.
Жас сәбиім тәтті ұйқыда жөргекте
Біздің елде ел аңсаған бейбіт күн.



Пікірлер (2)

кушти жазадыкенсиз

оз ойынызбен жаздынызба

Тоқтасын Махаббат

Өте күшті өлең дер ♥️♥️♥️♥️

Пікір қалдырыңыз

Бауыржан ата рухына

  • 0
  • 0

Бүкіл əлем отқа оранып жатқанда
Аяз қысқан қақаған қыс ақпанда
"Отан үшін алға!"-деген жігерлі үн
Қуат берді қайғы-мұңға батқанға

Толық

Адасқан тағдыр

  • 0
  • 0

Сəлем, Адам, халің қалай?
Не қып тұрсың жабырқау.
Ауыр ойлар мазаласа,
Болса бəрі саған жау.

Толық

Елімді әлем таниды

  • 0
  • 0

"2050" жолдауы Елбасының,
Діттегені жаңарту елдің ісін.
Əлеуметін көтеріп халқымыздың,
Толықтырып жеткізу кемшін тұсын.

Толық

Қарап көріңіз