Өлең, жыр, ақындар

Арман мен мақсат

Жүрегінде ұшқын атып бір сəуле,
Армандайды кез-келген жас,кəрі де.
Мақсат нақты болмағанда арманның,
Орындала бермейді екен бəрі де.

Айлар жылжып,күн артынан күн өтіп,
Біреулер жүр бос қиялмен күнелтіп.
Дара арман,дара өмір басталар,
Сен өмірге келген кезден шыр етіп.

Мақсат дейтін сан арманның төресі,
Армандардан болашақты көресің.
Ақыл,шіркін,алабұртып тұрса да,
Жүрегіңнің айтқанына көнесің.

Жұлдыздардай армандардың саны да,
Жетелейтін көңілдің шат бағына.
Бірі бітсе екіншісі басталар,
Құшақ жайған армандарың тағы да.

Жүрегің мен ақылыңды басқара,
Ешқашанда мақсатсыз іс бастама.
Арман жоқта мақсаттар да тумайды,
Мəңгілікке соны естен тастама.



Пікірлер (4)

нугыманова газиза

отинемин менин немереме сабагына арманым мени алыска жетелеиди деген таеырыпта такпак керек болып тур бир такпак шыгарыныздаршы 5 сыныпка арналган

нугыманова газиза

бул сабак ушин арналган гои отинемин

нугыманова газиза

кишкентаи сыныпка арналган барма.

Алтынсарина Айна

Авторы кім?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар