Өлең, жыр, ақындар

Адасқан тағдыр

  • 26.12.2017
  • 0
  • 0
  • 1977
Қойылым кейіпкерлері:Адам,Темекі,Арақ,Наша.
Бірінші көрініс:Сахнада
Адам жалғыз өзі жабығып отырады. Мұны алыстан байқаған Темекі жанына келеді.
Темекі:
Сəлем, Адам, халің қалай?
Не қып тұрсың жабырқау.
Ауыр ойлар мазаласа,
Болса бəрі саған жау.
Кел, екеуміз дос болайық.
Жəрдемім көп өзіңе.
Бүкіл əлем кереметтей
Көрінеді көзіңе.

Адам:
Уайымды ұмытайын
Болсадағы бір сəтке
Келші досым,кетпе менен
Мені жалғыз шеттетпе.
(Темекі шегіп көреді)
О, керемет, неткен ғажап
Айналды əлем ертекке.
(Мəз болып, тұрған жерінлк шыр айналады.)
Асыл досым,ақылыңды
Айтпапсың-ау, сен текке.
(Екеуі қол ұстасып билей жөнеледі. Сол кезде бұларды алыстан байқап тұрған Арақ келіп қосылады.)

Арақ:
Мен де саған дос бола алам
Ей,адамзат еркесі.
Дəмін татсаң бір серпіліп
Кең көсіліп кетесің.
Əн де айтасың, би де билеп.
Ұмытасың қайғыны.
Қаймықпастан жігерленіп
Мақсатыңа жетесің.

Адам:
Кел, достарым,
Жанға жақын, жанашыр.
Өздеріңмен сыр бөліссем,
Болып алам мен батыр.
Қуат алып қуанайын
Жігерсіздеу жаныма.
Басқа кімге сүйенейін
Бұл өмірде мен пақыр
(Көңілді мүзыка, ыз да шу би)

Наша:(музыка тоқтайды,наша) менсінбеген кекесін үнмен)
О,достарым, бұл не деген қуаныш?!
Қылыпсыңдар əлденені жұбаныш.
Мен болмасам шын бақыттың ауылы
Адамзатқа болып тұр-ау тым алыс.
Искеп көрсең, татып көрсең.
Осы нағыз бақыт дерсің.
Бастап көрсең болғаны,
Көбейеді сұраныс.

Адам:
Қойшы, кəні, көрейінші дəмін бір.
Болатұғын болса егер өмір гүл
Айтқаныңның бəрі өтірік болса егер.
Сен жаныма жақындамай ары жүр.
(нашаны иіскеп көріп, басы айналып кетеді. Сол кезде шымылдық жабылып бірінші көрініс аяқталады.)

Автор:
Солай өмір өтіп жатты
Адам кетті азғындап.
Енді кімге ренжиді,
Кімді келіп жазғырмақ.
Ар-намысы лайланды.
Жолға түсті тұңғиық.
Тірелді жол түбі терең
Жарқабаққа бір биік.

(Шымылдық ашылады.)
Екінші көрініс. Адам жанымен арпалысып жатыр.

Адам:(мұңды əуен ойнап тұрады.)
Ойсыздық пен көргенсіздік
Алып келді осы халге.
Көңіл күйім,бүкіл денем
Сырқырайды енді міне.
Əр күнімді қызық думан,
Қызық қуған
Серілермен өткіздім.
Дауасы жоқ дертті болдым
Осы халге жеткізді.
Қош-қош, өмір, кешір мені
Біле алмадым бағаңды
Жаратқаным жар бола гөр
Адастырма адамды.
Мен кетермін жер бетінен
Ойланыңдар; тірілер.
Қолда барға қанағат қыл.
Шалыс баспа қадамды.
(Адам құлап түседі. Шымылдық жабылады.)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елімді әлем таниды

  • 0
  • 0

"2050" жолдауы Елбасының,
Діттегені жаңарту елдің ісін.
Əлеуметін көтеріп халқымыздың,
Толықтырып жеткізу кемшін тұсын.

Толық

Бауыржан ата рухына

  • 0
  • 0

Бүкіл əлем отқа оранып жатқанда
Аяз қысқан қақаған қыс ақпанда
"Отан үшін алға!"-деген жігерлі үн
Қуат берді қайғы-мұңға батқанға

Толық

Өмір жайлы

  • 0
  • 0

Көз жетті бүгін осыған.
Өмір теңіз ғой тасыған.
Тасыған толқынмен алысып,
Тек қана алысқа асығам.

Толық

Қарап көріңіз