Өлең, жыр, ақындар

Толқындар

Бұл заманның жылдам жылжып жатқанын,
Өткенін сəт,əр минут,сағаттарым.
Толқындарға үңілгенде байқаймын.
Ойыммен бір толқыған бұлақтарым...

Қарағанда жан сарайын сездірген,
Ем де болар əр жүрекке езілген.
Жан дүниеме маза берген даусыңнан,
Естеліктер естіледі кез-келген.

Бірі озып,бірі артынан жете алмай,
Біз секілді ағымынан кете алмай.
Жарысады тоқтамастан толқындар,
Тек алға деп,артқа қарай бет алмай.

Сырласатын əрбір келген жүрекпен,
Шулы өзендер,көңіліме гүл еккен.
Шағаласын ұшырмастан басынан,
Мəңгілікке сырғи-сырғи күнелткен.

Бұл адамзат келсе-дағы,кетсе де,
Бірі туып,бірі өмірден өтсе де.
Ақ толқындар тулап жатыр тыншымай,
Жыл ауысып,келер заман жетсе де.

Сұлулықтың,тыныштықтың патшасы,
Қиялым мен ой-санамның қақпасы.
Тіршілік де жылжып жатыр тағатсыз,
Пəк толқындар ессіз сырғып жатқасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз