Өлең, жыр, ақындар

Сұлу мұң

Сұлу мұң

Ай сәулесі жадырап көзімде ойнап,
Қара түнде кеудемде сезім қайнап.
Балқыдым жұлдыз көк құшағында,
Ең әсерлі ең ыстық кезімді ойлап.

Кәусәр мұңым құйылып құмыраға.
Жас құлады жанардын жылы ғана.
Сені еске салды әкеп сағынышым,
Құдыреті сезімнің мұны қара...

Бұйра бұлттар қысылды менен қатты.
Ай құлазып күрсінді елең қақты.
Ай ұқпайтын сырларым жумайтын жас,
Жүрегімде көмулі терең жатты.

Қозғады кеп елесің жүрегімді,
Сенің бейнең санама күле кірді.
Қайта сені білсемде көрмесімді,
Ұстағым кеп тұр сенің білегіңді.

Сен кеткелі көрікті ғаламымнан,
Мұң арылмай жүр менің қабағымнан.
Мың өшірдім ойымнан сені еркем,
Сені іздеп жүремін жаңа мұңнан.

Не мақсатым тағдырға көнгендегі,
Не арманым өмірге келгендегі???
Ол екеуін ұмытып қалдым тіпті,
Сағынышым сенсің тек кеудемдегі.

Авторы: Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар