Өлең, жыр, ақындар

Сол күн

1986 жыл....
он жетінші желтоқсан
Алаңға жастар шыққан күн!
Намысы қайнап кеудеде
Жүрегі ел деп соққан күн!
Нашақор деп, ұлтшыл деп
жалған жала жапқан күн!
Аппақ қар аяқ астында
қанға боялып жатқан күн !
Айрылып ана қызынан
көзінің жасын төккен күн !
Айрылып әке ұлынан
күңіреніп қайғы шеккен күн !
Ұландарым мерт болып
Елі үшін құрбан болған күн !
Қызғалдақтай қыз ғұмыр
Бүр жармай жатып солған күн!
Отаршылдықтың езгісі
өз шегіне жеткен күн !
Қайрат,Ләззат ,Ерболдар
келмеске мәңгі кеткен күн!
1991 Жыл ...
Он алтыншы желтоқсан
Тарихта мәңгі қалған күн !
Бодандықтын босанып
Тәуелсіздік алған күн !



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дін діңгегім

  • 1
  • 0

Жас ел болсақ та егемендікті жаңа алған
Қилы заман өткізіппіз сан алуан
Бейбарыс бабам Мысырды билеп кезінде
Тегіміз біздің сақ пенен ғұннан таралған.

Толық

Қарап көріңіз