Өлең, жыр, ақындар

Сүреңсіз күзден рең қашып...

  • nurka
  • 06.01.2018
  • 0
  • 1
  • 1662
Сүреңсіз күзден рең қашып,
Іздейді жылы көрпесін.
Қарменен бетін қымтатып
Алады маза кеткесін.

Қалады күзің тұншығып,
Көрсетіп қыс қылышын.
Алайда бірде күн шығып
Сырады қыстың тұрмысын.

Келеді көктем тамылжып,
Киеді жасыл көйлегін.
Көктемнің жанын жарым ғып
Жеткенін жаздың көргемін.

Тұрады жазың жайдары,
Тәрізжі өлмес жаны мың.
Бұзылып бір күн қаймағы,
Береді күзге орынын...

Айналып мезгіл тұрақсыз,
Береді жылжи өмірің.
Келеді бұл заң сызатсыз.
Бағынтқан көпті адамзат
Уақытқа бірақ қуатсыз.

Алланың алды жақындап,
Өмірге әр жыл жырақпыз.
Тіріңде адам болып қал,
Қалмайды ешкім чұрақсыз.
Бұл жалған бәріне біркелкі,
Жылжиды, сырғиды, тұрақсыз.



Пікірлер (1)

nurka

Достар, пікір жазыңыздар!

Пікір қалдырыңыз

Жазды аңсау

  • 0
  • 0

Даланың барлық еңсесі бүгін бір түрлі,
Жаздағы жарық күлкілер қалды іркулі.
Келеді қыс деп арқасы толған кең жазық
Жоғалтып бәрін жалғыз-ақ күнде сілкінді.

Толық

Жаңбырлар

  • 3
  • 3

Тереземді көп ұрмаңдар, жаңбырлар,
Сендерге де айтпайтын бір қайғым бар.
Тасырлатып құпиямның әлемін
Бүлдірдіңдер, тыныштықты жойдыңдар.

Толық

Жалғыздықтан шаршады қара басым

  • 2
  • 0

Жалғыздықтан шаршады қара басым,
Жалғызсырау білсем де жарамасын.
Күдіктене беремін барлығынан
Дос болуға мен, сірә, жарамаспын.

Толық

Қарап көріңіз