Өлең, жыр, ақындар

Мен-Алашпын

Мен- Алашпын, мың өліп, мың тірілген,
Мен- Алашпын, алаштардың қадірін білген.
Мен өзіңдей қарапайым адаммын,
Мен өзіңдей дара туған тұлғамын.

Алаш деген – қадірлі ат, құдіретті есім қашанда,
Бұл есімді сыйламаған жан бар ма?
Халқы үшін сын сағатта мыңмен жалғыз алысқан,
Алыптарды, арыстарды қадірлегін сен, достым.

Бұл жырымды алаштарға арнадым,
Бұл жырымды қазақтарға жазғанмын.
Азаттықты биік қойған арыстардың,
Алаштардың ізін жалғар баламын.

Ахмет, Мұқағали, Абай жолын қуғанмын,
Жүрегімде өлең жырын сақтармын.
Өзі өлсе де, сөзі өшпес ісі қалар
Алыптай арыстарға жаным құрбан.

Мен – Алашпын, көпшіл, адал, қияғы,
Бұл жырыңды Мөлдір қызың арнады.
Мен – Алашпын, елін сыйлап ұйықтаған,
Мен – Алашпын, туын биік ұстаған.

Сейілбай Мөлдір, 14 жас



Пікірлер (3)

Жандулла

Өлең жырлары маған ұнады. Тек шабытың талмасын

Жулдыз

Жарайсың! Алаштың осындай ұрпақтары ұлықтап жүрсе Алаш зиялыларының арманы орындалғаны! ????????

nurka

Аздап суреткерлік шеберлік жетпей тұр, өзіңді әлі де жетілдіре түс!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз