Өлең, жыр, ақындар

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

  • 16.04.2015
  • 2
  • 14
  • 158658
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.

Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.

Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».

Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.



Пікірлер (14)

Толғанай

Өте жақсы өлең сіздерге көп рахмет

Раушан

Мағыналы керемет өлең маған ұнайды.

Шахноза

Маған ұнады Бірақ еш қандай әсер алғаным жоқ

Жадыра

Осы Абай олендерін оқитын жандар кобейсе екен

NUASYL KAZ

ӘДЕМІ ӨЛЕН ҒОЙ МЫНАУ

Актолкын

Оте керемет олен Абайдын танымал олендерынын быры

Турсынкул

Абай Кунанбаевтын 175 жылында Базарга карап турсам арким барара олени жаксы екен

Турсынкул

Жасымда гылым бар деп ескермедим деген магынасы оте жаксы екен

Құттыбай Алтыншаш

ОСЫ ӨЛЕҢ МАҒАН ҰНАЙДЫ
МЕН ОСЫ ӨЛЕҢМЕН КОНКРУСҚА ҚАТЫСАЙЫН ДЕП ЖАТЫРМЫН!!

МӨЛДІР Утегенова Құдайберген

Өте керемет өлең маған ұнайды

Зере

Көп көп рахмет

Әбіләз

керемет өлеңдер

Камшат

өте керемет екен сіздерге көп рахмет

Пікір қалдырыңыз

Қызарып, сұрланып

  • 1
  • 4

Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.

Толық

Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп

  • 1
  • 3

Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп,
Ойлама отсыз, ойсыз, суық жан деп.
Жүректегі жалынды көзден жас қып,
Ағызғаным болады ол неге сеп?

Толық

Күз

  • 3
  • 54

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар