Өлең, жыр, ақындар

Сұрақ

Білесің бе?
Бар сұрақтың жауабы бойыңда екен,
Бұл өзі табиғаттың сыны ма екен?
Қасиеті өміріңнің ойыңда екен,
Ал, тілің сөз бен ойдың құлы екен.

Әр сөзіңде магниттің күші бар,
Сені тартар табылмаса егесі.
Өз ойыңмен кейде көңілің тұщынар,
Жүрегіңді ауыртады жебесі.

Қашандағы ақ жол тіле Алладан,
Адастырар ой түбі терең екен.
Бұл ғұмырды мәңгілікке жалғаған,
Миға да дұрыс азық керек екен.

Кей адам бұл өмірге өзгеше,
Көзімен қарайды екен өзгенің.
Қажеті не өз ойымен сезбе,
Өзге оймен бар дүниені кезбегін.

Өмірде өз-өзін сыйламаған,
Білмейді Жақсылықтың не екенін?
Қаншалықты тірлікте қиналса адам,
Өзгенің қабылдамас құр жетегін.

Сыртқы дүние ішіне сай болмаса,
Өмірдің бар жолдары жабық болар.
Әр ойына жақсылық айналмаса,
Өзінің тура жолын таппайды олар.

Түсінгенге бұл өмір күреспен тең,
Жеңіске әділеттік жетелеген.
Өмірдің сынағынан сүрінбеген,
Арман мен мақсатына жетеді екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бос сөз

  • 0
  • 0

Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.

Толық

АНАМА ЕСТЕЛІК

  • 0
  • 0

Кейбіреудің жүрегінен
Орын таба ма деп,
Қолдағы бар алтынын
Қадірлей алмай жүргендер,

Толық

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

  • 0
  • 0

Таң атты, көзіңді аш күліп бүгін,
Әр таңнан басталады үміт-күнің.
Аллаңа құлшылық ет, тілек айтып,
Тілекті таңертеңгі қабыл етер.

Толық

Қарап көріңіз