http://a-brands.kz/

Өмір туралы бірер ой

Келгеннен соң, дүниеге әрбір адам баласы,
Әуел бастан болу керек адамдықтың санасы.
Бұл өмірде бір құлайсыз, бір жылайсыз, себебі,
Ұмытпаңыз, өмір деген ақ пен қара таласы.

Тоқтамайтын ағысымен, толмайтын.
Өзен десек, өмірді егер зулайтын.
Ал мен үшін өмір - теңіз дер едім,
Асау, сабаз толқынымен тулайтын.

Арнасымен сол теңіздің алға жүзіп келеміз,
Ізгіліктен жасалынған қирамасын кемеміз.
Болашақтың картасыменен жол тауып,
Біз жас ұрпақ айсбергті де жеңеміз,
Біз жас ұрпақ келер күнге сенеміз.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)