сайыс
ozgetil.kz

Өмір шолақ

Қарап тұрсаң бұл өмір аяғына,
Шолақтығы байқалған баяғыда.
Жас та кетіп барады қария да,
Ажалдың тасы тисе тұяғына.
Өмір сондай қамшының сабындай-ақ,
Ұстап болмас буылдыр сағымдай-ақ.
Мəңгі болса қане енді жүрер едік,
Өткендерді сарғайып сағынбай-ақ.
Өмір сондай бар оның шегарасы
Шындық пенен жалғанның екі арасы.
Шындық өлім, ал жалған өмір екен,
Жоқ қой бұған ешкімнің ой-таласы.
Туылғаның, келгенің дүниеге,
Сынақтардың бəрі сол дүниеде.
Қай сынақтан қалайша өткеніңді
Бір білесің бақилық дүниеде.
Ойлап көрші қалайша жаратылдың
Енді ойла қай жолға қаратылдың.
Харам менен халалды біле тұра
Қайсы бірін көбірек қалап тұрдың
Ия солай, дəл солай біліп тұрмын,
Нəпсің үшін хақ жолдан шығып тұрдың.
Кейде ғана Алладан қорыққаннан,
Тоба қылып мешітке кіріп тұрдың.
Қу пенделік шайтанның арбауына,
Еріп алып жүрмейді айдауыңа.
Шолақ өмір бір күні ақсағанда,
Əзрейіл қарамас айқайыңа.
О, пенделер, Аллаға иман келтір,
Намаз оқып санаңды сыйға толтыр.
Өмір шолақ деп қойған ұмытпағын,
Дей алмайсың мені емес оны өлтір.
Біреу ерте, ал біреу кеш кетеді,
Шолақтығын осылай естетеді.
Барар жерің Алланың құзыры ғой,
Адал жүрсең ей, пенде, нең кетеді.
Өмір солай жаралған сынақтардан,
Жаралмаған сөнбестей шырақтардан.
Есті жыйып хақ жолды таңдап алғын,
Табам десең жайыңды жұмақтардан.
Өмір шолақ бір күні сүрінесің,
Ілмегіне ажалдың ілінесің.
Ізгі амалың болмаса оң жағыңда,
Жалынында тозақтың күйінесің.
Сондықтанда өмірді шолақ дейді,
Бұл өмірге адамзат қонақ дейді,
Намаз оқып хақ жолда жүргендердің,
Бақилығы жұмақта болады дейді.


Басқа да өлеңдері

Не пайда

  • 0
  • 1

Жақсылардан не пайда,
Жарлыға қолын созбаса.
Жарысқа қосқан тұлпарың,
Жаяудан асып озбаса.

Толық

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)