Біз неге кедейміз

Біз неге кедейміз, жалқаумызба?
Ел қамын жемейміз, аңқаумызба?
Көре алмай шеттейміз ағайынды,
Қазағым өз елінде қауқарсызба?

Кім мықты қытайма, түріктерме?
Жол бермейік алайда бүліктерге
Татулығы елімнің мəңгі болсын!
Бірігейік, шығайық биіктерге.

Ұмытпайық, қазақпыз ұғынайық
Жұдырық боп жауға қарсы жұмылайық.
Жат елдіктер жұлып жеп жатыр қазір,
Өз қолыңда, қазағым, құл болмайық

Иелік етіп бəріне алған екен,
Ата-бабам қанын текке малған б(а)екен?
Ақындарым ұлт жанды баяғыдан
"Оян" деп тектен-текке айтқан б(а)екен?

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)