Өлең, жыр, ақындар

Деградация

  • Alash
  • 13.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2158

Қазір мемен жауласатын надан көп.
Дауласатын адам жоқ.
Адам деген ат бар бірақ сол атқа,
Лайықты бір адам жоқ.

Лас дүниені іштеріне жиған көп.
Барлық пенде қап Ішіне жиған боқ.
Шапаны бар, сақалы бар имам бар,
Иман жоқ.

Жаңбырлы күн тұратын қолшатыр боп,
Заманда бұл батыр жоқ.
Елін сүйген, жерін сүйген әкім жоқ,
Соны айтатын ақын жоқ.

Том-томдарды парақтаған қалың көп,
Ойшылдарым кетті қазір сағым боп.
Қазір бізде ғалым деген атақ бар.
Ғалым жоқ.

Менде де жоқ надандыққа атар оқ.
Ойлаймын да отырамын қапа боп.
Қазір бізде сан бар, сан бар, сандар бар.
Сапа жоқ.

Тұрғанымен алаулап бір санамда от.
Мыңмен жалғыз алысатын шамам жоқ.
Қазір бізде тірі деген тізім бар,
Тірі жүрген адам жоқ.
Ех бір кем дүние.









Автор : Мақсұтбек Абылай Жомартұлы








Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз